Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін 29 қыркүйекте 9 «А» сыныбында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың -130 жылдығына арнайы сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді.
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?»
Осы ақынның сөздерімен іс-шарамыз басталды. Оқушылар: тарихшы, әдебиетші, ақын –рөлдерімен өз ойын жеткізді. Ақынның өмірбаянымен, қиын балалық шағымен таныстырды. Анасынан 3 жаста жетім қалып, жетімділіктің қиыншылығын көреді. Молдадағы алған білімін поэзия жолына салады.
Ғылыми кітаптарды оқып, орыс ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударады, оқиды.
С.Торайғыровтың өлеңдері мәнерлеп оқытылды.
Мектеп кітапханашы Дегтярева Т.С. кітап көрмесімен таныстырып, өлеңді оқып, ақынға арналған кітаптармен таныстырады.
Тыс іс-шара аяғында оқушылар постерлерді толтырып, өз ойын, өз пікірлерін жеткізеді.
Қорыта айтсақ: ақын 26 жасында қатты ауырып, жастай қайтыс болады. Оның өсиет сөздері есімізде қалады.