Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

📆 4 қаңтар күні Ата-аналарды қолдау орталығының жоспары бойынша «Бұлақ көрсең, көзін аш» атты іс-шара өткізілді.

📚Іс-шара барысында ата-аналар өздерінің шығармашылық жақтарын көрсетті. Берілген комикстерге қызықты оқиғалар құрастырды.

🎼 «Музыка» тапсырмасында тыңдалған әнді қағаз бетіне түсіріп суретін салды.

🎞Бейнебаянда берілген 10 суретке қарап не көрсетілгенін табу арқылы ойлау қабілеттерін анықтауға тырысты.
📝 Өздері жазған сөздерге ассоцациялық сөздер айту арқылы сөз байлықтарын көрсетіп, дамытты.

📌 Баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдарымен жақын танысу үшін берілген кітапшаларды қарастырды.