Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

12 қаңтар күні психоактивті заттар мен вапаларды қолданудың алдын алу апталығы аясында 8-10 сынып оқушыларының Железин ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Ия Илюбаевна Балгужинова және ОАА психологы Волкова Надежда Васильевнамен «Қауіпті ойындар» тақырыбында кездесу өтті. Қонақтармен белсенді әңгімелесуде балалар психоактивті заттардың жасөспірімдер ағзасына қауіпті әсерін, жастарды белсенді заттарды қолдануға итермелейтін себептерді анықтады, сонымен қатар психоактивті заттарға балама атады: спорт, кітап оқу, туыстарымен қарым-қатынас, шығармашылық, еріктілер қызметі және т. б. Кездесу » Темекі шегу немесе денсаулық» атты көріністі сахналаумен аяқталды.