Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар республикалық конкурсының жеңімпазы ақшалай сыйлық алады

 

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» республикалық конкурсы іске қосылды.

Конкурстың мақсаты — инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми, техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және іске асыру мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Конкурсқа барлық ниет білдірген тұлғалар (жеке тұлғалар) қатыса алады, оның ішінде жұртшылық өкілдері және үкіметтік емес ұйымдар.

Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізіледі:

— қоғамдық бақылау;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және зерттеу;

— сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар.

Байқау екі кезеңнен тұрады: іріктеу, финал.

Іріктеу кезеңі 2023 жылғы 30 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.

Байқаудың финалдық кезеңі 2023 жылдың 1 желтоқсанында Қарағанды қаласында өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалардың авторлары ақшалай сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ үздік жобаларды іске асыру үшін қаржылық-техникалық қолдау көрсетілетін болады. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады konkurs1424@mail.ru 2023 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде. Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты келесі телефон арқылы алуға болады 8 (701) 186 43 00, 8 (702) 412 29 06.

Барлық ниет білдірушілерді жобаға белсенді қатысуға және жүлдені алып кетуге шақырамыз. Байқаудың жүлде қоры 5.000.000 (бес миллион) теңгені құрайды. Байқау жеңімпаздарына 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі және жобаны енгізуге (іске асыруға) 1 млн. теңге бөлінеді.

Конкурстың толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-karaganda/documents/details/525318?lang=ru&fbclid=PAAaazbRnE3xPEke1GlpSlSrNwuX-GdEC9xDXpm0XhjOx1ToCaqUs_V-hy5fY_aem_AWg9U3Li0NQAc4g1XSRc7wdw4iKLO3CtIe0YJcdpd6OWQAbJos9l0DT5urTW390Xq98