Құрдастар арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне теріс көзқарасты қалыптастыру, оларға қарсы тұру, басқа адамды түсіну және кешіру қабілетін дамыту , адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды тәрбиелеу мақсатында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында 17 қарашада Железин №2 ЖББОМ 7 «А» және 8 «Б» сынып оқушыларымен Железин ауданы әкімінің жанындағы Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Өскембай Әлия Бәкібайқызы мен Железин ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің полиция майоры , ювеналды полицияның аға инспекторы Ия Илюбаевна Балгужиновамен кездесу өтті. Қонақтармен тікелей әңгімелесу барысында балалар өз атына агрессия көрсетуден қорғау тәсілдерін анықтады, басқа адамдарға қатысты зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерін көрсеткені үшін жауапкершілік туралы білді.