23 сәуір күні Павлодар облысы, Железин ауданы білім беру бөлімінің «№2 Железин ЖОББМ» КММ базасында 10–11 сынып оқушыларына арналған Ресурстық орталығының қорытынды сессиясы басталды.
Онлайн форматта сабақтарға Михайловка жалпы орта мектебі, Веселая роща жалпы орта мектебі, Алакөл жалпы орта мектебі және Жаңа Жұлдыз ауылының жалпы орта мектебінің оқушылары қосылды.
Бірінші күні 5 пән бойынша сабақтар өтті:
* қазақ тілі
* Қазақстан тарихы
* алгебра
* география
* информатика
Сабақ барысында оқушылар түрлі онлайн-платформалармен жұмыс істеп, цифрлық құралдарды пайдаланды. Барлығы жұмыс қарқынында өтті.




