2025 жылғы 7 қазан Железин №2 ОМ-де білім беру ұйымдары қызметкерлеріне арналған буллингтің алдын алу және оған қарсы әрекет ету бойынша семинар өтті.
Семинардың мақсаты - білім алушылар арасындағы қорлау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессияның кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарас қалыптастыру.
Кездесу барысында қатысушылар:
✅ буллинг ұғымын және оның түрлерін талқылады;
✅ нақты жағдайларды (кейс) қарастырып, әрекет ету жолдарын талдады;
✅ ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген Балалар арасындағы қорлаудың (буллингтің) алдын алу қағидаларымен танысты;
✅ мектеп қызметкерлерінің қақтығысты жағдайларды анықтаған кездегі әрекет ету алгоритмін пысықтады.
Семинар белсенді, ашық форматта өтті. Қатысушылар мектепте қауіпсіз әрі қолайлы орта құру үшін барлық қызметкердің бірлесе жұмыс істеу маңыздылығын атап өтті.
Қатысқандарыңызға, белсенділігіңізге және мектепті сенімге, құрмет пен қолдауға толы орын етуге дайын екендеріңізге алғыс білдіреміз!




